26/08/2026
«Дұрыс тамақтану» деген ұғым әрдайым шын мәнінде пайдалы тамақтануды білдіре бермейді. Әдемі атаулардың артында ағзаға көмектеспей, керісінше кедергі келтіретін әдеттер жиі жасырынып жатады.
Майсыздандырылған өнімдер тойымдылық сезімін жеткілікті деңгейде бермеуі мүмкін, смузи мен шырындардың құрамында қант мөлшері жиі көп болады, «қантсыз» батончиктердің калориясы жоғары болуы ықтимал, ал ұзақ уақыт ашығу ағзаға қосымша стресс түсіреді.
Тағы бір кең таралған қателік - интернеттегі кеңестерге сүйеніп, диетаны өз бетіңізше таңдау. Тамақтанудың барлығына бірдей сәйкес келетін әмбебап үлгісі жоқ: рацион адамның жасын, өмір салтын, денсаулық жағдайын және алға қойған мақсаттарын ескеруі тиіс.
Сондықтан шектен шықпай, саналы әрі қауіпсіз тәсілді таңдаған маңызды. Жеке ұсынымдар алу үшін білікті дәрігерге жүгінген дұрыс. Маман денсаулыққа зиян келтірмейтін, сізге сәйкес тамақтану үлгісін таңдауға көмектеседі.
_______
“Здоровое питание” не всегда означает действительно полезное питание. Часто за красивыми словами скрываются привычки, которые не помогают, а мешают организму. Обезжиренные продукты могут плохо насыщать, смузи и соки нередко содержат много сахара, батончики «без сахара» оказываются слишком калорийными, а длительные голодовки создают лишний стресс для организма.
Ещё одна распространённая ошибка — подбирать диету самостоятельно по советам из интернета. Универсальных схем питания не существует: рацион должен учитывать возраст, образ жизни, состояние здоровья и цели человека.
Поэтому важно не идти в крайности, а выбирать осознанный и безопасный подход. За персональными рекомендациями лучше обращаться к квалифицированному врачу, который поможет подобрать питание без вреда для здоровья.