31/08/2026
🔐 КИБЕРҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША СЕМИНАР
2026 жылғы 25 тамызда «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да қызметкерлерге киберқауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында Қан орталығының қызметкерлері киберқауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Ережемен танысып, жұмыс орнында киберқауіпсіздік талаптарын сақтау, сондай-ақ кибергигиена ережелері бойынша маңызды ақпарат алды.
💻 Киберқауіпсіздік — әр қызметкердің ортақ жауапкершілігі.
Ақпараттық жүйелерді қауіпсіз пайдалану, құпия ақпаратты қорғау және кибергигиена талаптарын сақтау — ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.
#ҚанОрталығы #АбайОблысы #Киберқауіпсіздік #АқпараттықҚауіпсіздік #Кибергигиена ҚауіпсізЖұмыс АқпараттыҚорғау ЦифрлықҚауіпсіздік Қауіпсіздік Семей АбайОблысы ДенсаулықСақтау Қызметкерлер Семинар КиберқауіпсіздікМаңызды