Qamqorlyq QORY

Qamqorlyq QORY Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Qamqorlyq QORY, Medical and health, Казахстан, Tselinograd.

06/08/2026

Каждый день в центрах раннего вмешательства «Қамқорлық» - это маленькие, но очень важные шаги к большим достижениям. 💙

Перед началом курса специалисты мультидисциплинарной команды вместе с родителями определяют цели реабилитации и составляют для каждого ребенка индивидуальный план.

Именно по нему день за днем проходят занятия с эрготерапевтом, логопедом, инструктором ЛФК, психологом, массаж и другие необходимые процедуры.

За привычными кадрами стоит огромная работа специалистов, доверие родителей и искренние улыбки детей.

Именно из таких ежедневных усилий рождаются новые навыки, первые успехи и счастливые моменты, которые меняют жизнь всей семьи.

В сегодняшнем видео - кадры из будней центра раннего вмешательства "Қамқорлық" в городе Талдыкорган 💙

03/08/2026

📍 Ақтау қаласындағы аутизмі бар балаларға арналған орталық

Орталықта балаларға заманауи әдістемелер негізінде кешенді түзету-дамыту және оңалту көмегі көрсетіледі.

Жоба Нұрсұлтан Назарбаев қоры, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

📍 Мекенжайы: Ақтау қаласы, 9-шағынаудан, 42-ғимарат.

🎥 Бейнероликтен орталықтың мүмкіндіктерімен танысыңыз.

29/07/2026

Қимыл – даму мен жаңа мүмкіндіктерге жол! 💙

Тараз қаласындағы Qamqorlyq аутизмі бар балаларға арналған орталығында бейімделген дене шынықтыру сабақтары тұрақты түрде өтеді.

Бейімделген дене шынықтыру – баланың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды жұмыс бағыты. Сабақ барысында балалар өз денесін жақсырақ сезінуге, қозғалыстарын үйлестіруге, тепе-теңдікті сақтауға және кеңістікте бағдарлануға үйренеді.

Жаттығулар баланың физикалық дамуын қолдап қана қоймай, оның зейінін шоғырландыруға, өзіне деген сенімділігін арттыруға және күнделікті өмірде қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.

Әрбір сабақ – баланың жаңа дағдыларды меңгеруіне және кішкентай жетістіктерге жетуіне бастайтын маңызды қадам.

Дене шынықтыру инструкторы:
Жандос Ғалымжанұлы

27/07/2026

Әлиханның алғашқы қадамы – оның отбасы үшін үлкен қуаныш әрі ұзақ жылдар бойғы еңбектің нәтижесі.

2019 жылы дүниеге келген Әлиханға туа біткен ми ақауы және балалардың церебралды сал ауруы диагнозы қойылған. Алғашында өздігінен жүріп, сөйлей алмаған бала бүгінде Семей қаласындағы «Қамқорлық» оңалту орталығындағы жүйелі оңалтудың арқасында алғашқы қадамдарын жасап, ақырындап сөйлеп келеді.

Әлихан алғаш рет дәл осы орталықта жүре бастаған. Бүгінде оның қимыл-қозғалысы, ұсақ моторикасы, тепе-теңдігі мен ойлау қабілеті айтарлықтай жақсарған.

Ал анасы Зүлфияның ең үлкен арманы – ұлын биыл мектеп табалдырығынан аттандыру ✨

Бұл – үміттің, табандылықтың және жүйелі оңалтудың нәтижесі. Әлиханның жетістігі алда әлі талай жаңа белестер бар екенін көрсетеді 💙

20/07/2026

💙 Ақтаудағы «Қамқорлық» аутизм орталығының ашылуынан дайындалған бейнесюжетпен бөлісеміз.

Орталық бүгінде өз жұмысын табысты жалғастырып келеді. Қазіргі таңда мұнда аутизм спектрі бұзылысы бар 45 бала кешенді қолдау мен дамыту қызметтерін алып жатыр.

Орталықтың ашылу сәтінен түсірілген бейнесюжетті назарларыңызға ұсынамыз.

«Қамқорлық» аутизм орталықтары Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Самұрық-Қазына» қоры және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен құрылды.

13/07/2026

«Қамқорлық» аутизм орталықтарындағы робототерапия кабинеттерінде екі әлеуметтік робот — NAO және Mirai балалардың танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

🤖 NAO – балалармен бірге қимылдап, би билеп, ән айтып, ертегі айтып, жануарларды таныстыратын белсенді серіктес. Мұндай сабақтар ойын арқылы баланың қарым-қатынасқа қызығушылығын арттырып, эмоцияларын білдіруге және нұсқауларды орындауға үйретеді.

🤖 Mirai – түрлі маманның рөлін сомдап, баланы өмірдегі маңызды жағдайларға дайындайды. Дәрігердің қабылдауы, жол полициясымен кездесу немесе басқа да күнделікті жағдайлар қауіпсіз әрі таныс ортада тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Бұл балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне және өзіне деген сенімділігін арттыруға ықпал етеді.

Робототерапия – заманауи технологияларды баланың әлеуетін ашуға бағыттайтын тиімді әдістердің бірі. 💙

Орталықтар «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының қолдауымен жабдықталған.

07/07/2026

Әр баланың жетістігі – оның жанында жүрген жандардың мейірімі мен кәсібилігінің жемісі.

Бұл бейнероликте Талдықорған қаласындағы «Қамқорлық» ерте араласу орталығында оңалтудан өтіп жүрген баланың анасы өз әсерімен бөлісіп, мамандарға баласының дамуына қосқан үлесі мен жан-жақты қолдауы үшін алғысын білдіреді.

Осындай шынайы пікірлер біз үшін ең үлкен қуаныш әрі алға ұмтылуға шабыт береді. Балалардың әрбір жаңа қадамы – ортақ еңбектің нәтижесі.

Талдықорған қаласындағы «Қамқорлық» ерте араласу орталығы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Samruk-Kazyna Trust және Қазақстан халқына қорларының қолдауымен ашылды.

Астана – еліміздің жүрегі ғана емес, өмірді өзгертетін бастамалар дүниеге келетін қала. «Қамқорлық қоры»  үшін көптеген ...
06/07/2026

Астана – еліміздің жүрегі ғана емес, өмірді өзгертетін бастамалар дүниеге келетін қала.

«Қамқорлық қоры»  үшін көптеген маңызды жобалардың бастауы дәл осы елордадан басталды. Бір кездері тек Астанада қолжетімді болған оңалту мен қолдау қызметтері бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпіріне, шалғай ауылдар мен аудандарға дейін жетіп, балалардың сапалы көмек алуына және өз мүмкіндіктерін дамытуына жол ашуда.

Біз серіктестеріміз қолдауының арқасында балалар мен олардың отбасыларына арналған қолжетімді әрі заманауи көмек жүйесін дамытуға өз үлесімізді қосып келе жатқанымызды мақтан тұтамыз.

Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймыз! Елордамыз әрдайым үлкен бастамалардың, игі өзгерістердің және жаңа мүмкіндіктердің ордасы болып, өсіп-өркендей берсін!

•~•~•~•~•~•~•~•~•~•~•

Сегодня Астана — это не только сердце нашей страны, но и город, где рождаются идеи, способные менять жизни людей.

Для фонда «Қамқорлық қоры» именно здесь начался путь многих инициатив, которые со временем выросли в масштабные проекты. То, что когда-то было доступно лишь в столице, сегодня работает по всему Казахстану: от крупных городов до самых отдаленных районов и сел, где дети получают качественную реабилитацию, поддержку и возможность раскрыть свой потенциал.

Мы искренне рады тому, что вместе с нашими партнерами вносим вклад в развитие современной, доступной системы помощи детям и их семьям.

Поздравляем всех с Днем Астаны! Пусть столица продолжает вдохновлять на большие идеи, объединять неравнодушных людей и оставаться городом новых возможностей, устойчивого развития и добрых перемен.

03/07/2026

За каждым большим достижением ребенка стоят десятки обычных, на первый взгляд, дней. Но эти дни наполненны заботой, терпением, поддержкой и совместной работой.

Приглашаем вас заглянуть в кабинеты специалистов и увидеть, как проходят занятия в центрах для детей с аутизмом Qamqorlyq: адаптивная физическая культура, логопедическая помощь, арт-терапия, робототехника и другие направления, которые помогают детям шаг за шагом осваивать новые навыки и становиться увереннее в своих силах.

Именно из таких ежедневных моментов рождаются самые ценные результаты, которые вдохновляют детей, родителей и всю нашу команду.

Центры для детей с аутизмом Qamqorlyq открыты при поддержке Фонда Нурсултана Назарбаева, Фонда развития социальных проектов Samruk-Kazyna Trust и фонда «Қазақстан халқына».

Сегодня центры работают в городах: Шымкент, Усть-Каменогорск, Павлодар, Тараз, Актобе, Туркестан, Талдыкорган, Караганда, Костанай и Актау.

Address

Казахстан
Tselinograd
010000

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Qamqorlyq QORY posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share