10/07/2026
❗️Қынап микрофлорасын бұзатын сіз білмейтін себептер
Көп әйелдер микрофлора тек инфекциядан бұзылады деп ойлайды.
Алайда күнделікті әдеттердің өзі үлкен әсер етеді.
👇 Мына факторларды ескеріп жүрсіз бе?
1. Күнделікті прокладкалар
Ауа өткізбейді, ылғал жиналады → бактериялар үшін «жылы орта».
2. Жиі жуу, әсіресе сабынмен
Қынап өзін-өзі тазартады. Агрессивті гельдер табиғи лактобактерияларды азайтады.
3. Антибиотик қабылдау
Жаман бактериямен бірге пайдалысын да жояды → кандидоз пайда болуы мүмкін.
4. Тар синтетикалық іш киім
Ауа айналымы жоқ → ылғал → дисбаланс.
5. Стресс және ұйқының аздығы
Иммунитет төмендесе, микрофлора да әлсірейді.
6. Серіктес ауысқанда
Жаңа серіктес — жаңа микрофлора. Ағзаға бейімделуге уақыт керек.
Қынап микрофлорасы — жай ғана «бөлінді» мәселесі емес.
Бұл — әйелдің иммунитеті, жайлылығы және өмір сапасы.
⚠️ Егер сізде:
– қышыну
– жағымсыз иіс
– бөлінді өзгеруі
– күйдіру сезімі болса — бұл қалыпты емес, тексерілу қажет.
👩⚕️ Консультацияға келіңіз,
денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз ✅
#гинекологастана #әйелденсаулығы #гинекологизкитая #восточнаямедицина