01/08/2026
Көп жағдайда тізесі ауырған адамға бірден:
«Эндопротез қою керек» деген сөз айтылады.
Бірақ әр науқаста жағдай әртүрлі.
Бүгін қабылдауыма келген пациентке де басқа жерде тізеге эндопротез жасау керек деп айтылған екен. Толық тексеріп, рентген нәтижесін және шағымдарын бағалағаннан кейін, мен оған:
«Әзірге операцияға көрсеткіш жоқ. Бұл кезеңде операция жасауға әлі ерте» екенін түсіндірдім.
Сонымен қатар, эндопротез нақты қай кезде қажет болатынын және оған дейін қандай емдеу тәсілдерін қолдануға болатынын айтып бердім.
❗️Ең бастысы – «операция керек» деген сөзді естіген бойда асығыс шешім қабылдамаңыз.
Кейбір жағдайларда дұрыс қойылған диагноз, сапалы тексеру және уақытында басталған кешенді ем операцияны ұзақ уақытқа кейінге қалдыруы немесе мүлде қажет етпеуі мүмкін.
Ал кейбір адамдарда, керісінше, операцияны кешіктіру буынның одан әрі бұзылуына әкелуі мүмкін.
Сондықтан әр жағдай жеке бағалануы тиіс.
Осы видеода неге бұл пациентке әзірге эндопротез қажет емес екенін және операцияның нақты қандай көрсеткіштермен жасалатынын түсіндіріп беремін.
📌 Денсаулығыңызға қатысты маңызды шешімді қабылдамас бұрын, міндетті түрде толық тексеріліп, екінші пікір алған дұрыс.