Iris Bala

Iris Bala Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Iris Bala, Health & Wellness Website, Almaty.

04/09/2026

Балалы үйдің ұрлығы жатпайды.
Өзіміз ұрып алып,жылап ұйықтап қалса жақсы көріп артынан өкініп отыратын мама ол сен.
Зымыраған уақыт-ай.

02/09/2026

Қонақ шақырып айналасының бәрін жұмысқа салып қоятын әпшең деген мен боламын 😂
Сары бай-ай аман болғыр,екі қойың бір тиын тауық сдача бұл кісіге. Менің ең маңызды қонағым.

01/09/2026

КАЙ балапанымыздың жігіт болғанына орай жайылған ақ дастарханымыз.
Ата-аналық міндетімізді атқарып,ағайын-туыстың,достарымыздың басын қосқан жайымыз бар. Сыйлап келген баршаңызға мың алғыс!

20/08/2026

Жақсылықтың ең әдемісі — біреудің қуанышына себеп болу ❤️

Бұл жолы да мені үнемі қолдап, жанымнан табылып жүрген қолдаушыларыма кішкентай болса да қуаныш сыйлағым келді. Біріне өзі сұраған газын алып бердім, ал тағы бір қолдаушымды теледидармен қуанттым 📺🥹

Біреудің арманын орындап, қуанышын көру — сөзбен айтып жеткізгісіз сезім. Осындай сәттер көп болсын 🤍

19/08/2026
24/07/2026

Жылдар бойы қолдап келген жанашырларымның кішігірім қалауы.
Еркектер көп ұната бермейді мені 😂 қолдаушыларымның 85% өзім секілді әйел кісілер. Кейде біздің қатынның керегі бітпейді деп жатады ер азаматтарымыз,ал қатынның қалауы сол отбасының керек-жарағы ғана.

21/07/2026

Қайырлы кеш баршаңызға! Армансыз адам қанатсыз құспен тең. Мені қолдаған жандарға сіздерге деген кішігірім ықыласым.
Осы посттың астындағы коментарий арасынан 4 жанның арманын,қалауын орындаймын Алла нәсіп етсе!

20/07/2026

Неге екенін білмеймін менің айналама кілең тағдырлы қыз-жігіттер келеді жұмысқа,сосын жүремін ұрысып алып өзімді кінәлап көңіліне қатты тидім-ау деп,жұмыстан шығарайын десем жағдайын ойлап 🥹 бірақ әрине еңбектері адал,еркелемей барынша жанын салып артық сөзсіз жұмысын жасайды. Сондай бір қыздың бірі менің мобилографым Гүлнұр, кіп-кішкентай бірақ мойнында үлкен жауапкершілік бар. Видео түсіргенде телефонының памятьі толып қала беретін,алдын айфон 17 сыйлағанмын. Кеше бір қуантайыншы деп азық-түлік алдық.
Тапқан айлығының жартысы кредитке,жартысы квартираға кетеді. Алла пейіліне қарасып барлығы жақсы болсыншы жанашыр сіңілімде.

Address

Almaty

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Iris Bala posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share