Түпқараған Аудандық Орталық Аурухана

Түпқараған Аудандық Орталық Аурухана Маңғыстау оюлыстық денсаудық сақтау басқармасының ша?

19/11/2024

Түпқараған орталық ауруханасында, ауыл тұрғыны, 61 жастағы әйел адамға лапароскопиялық холецистоэктомия отасы жасалды. Аталған ота және отаға дейінгі барлық қажетті тексерулер МӘМС жүйесінде тегін жүргізіліп келеді.

-Науқас 61 жастағы әйел адам. Ұзақ уақыттан бері оң жақ қабырға астының шаншып ауырсынуы, ауызға өттің қышқыл дәмнің келуі,кекіру шағымдары мазалаған. Емханадан тексеруден өту барысында, өт қалтасында тастар анықталды. Емхана хирург дәрігеріне қаралып, оперативті ем ұсынылды.Толық амбулаторлы тексерулерден өтіп, портал бойынша Түпқараған ауруханасында оперативті емге түсті.Ота сәтті шығып, өт қалтасынан әр түрлі көлемдегі 31 дәне тас шықты. Қәзіргі таңда науқастың денсаулық жағдайы жақсы, үй жағдайына жақын арада шығарылады,-дейді хирург дәрігер Қартбаев Асылхан Сергалиевич.

Түпқараған  орталық  ауруханасында, ауыл тұрғыны, 55 жастағы  әйел адамға кіндік жарығы диагнозымен  отасы жасалды. Науқ...
29/10/2024

Түпқараған орталық ауруханасында, ауыл тұрғыны, 55 жастағы әйел адамға кіндік жарығы диагнозымен отасы жасалды. Науқасқа жасаған ота сәтті аяқталып, қәзіргі таңда жағдайы жақсы. Аталған ота және отаға дейінгі барлық қажетті тексерулер МӘМС жүйесінде тегін жүргізіліп келеді.

-Науқас, жоспарлы түрде, портал бойынша, біздің ауруханамызға оперативті еміне келіп түсті. Науқасқа кіндік жарығы диагнозы бойынша ота жасалды. Қәзіргі таңда науқастың денсаулық жағдайы жақсы,-дейді хирург дәрігер Қартбаев Асылхан Сергалиевич.

Түпқараған  орталық  ауруханасында, ауыл тұрғыны, 23 жастағы  ер адамға жедел аппендицит ( острый аппендицит ) отасы жас...
29/10/2024

Түпқараған орталық ауруханасында, ауыл тұрғыны, 23 жастағы ер адамға жедел аппендицит ( острый аппендицит ) отасы жасалды. Науқасқа жасаған ота сәтті аяқталып, қәзіргі таңда жағдайы жақсы. Аталған ота және отаға дейінгі барлық қажетті тексерулер МӘМС жүйесінде тегін жүргізіліп келеді.

-Науқас, таңғы сағат 06.00 – де қабылдау бөліміне келіп түсті. Келген кезде ішінің оң жақ бөлігінің қатты ауырсынуына, жүрегінің айнуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Науқастан тиісті анализдер алынып, хирург қарап, жедел аппендицит ( острый аппендицит ) диагнозын қойып, шұғыл түрде ота тағайындалды.Жасалған ота сәтті аяқталып,қәзіргі таңда науқастың денсаулық жағдайы жақсы,-дейді хирург дәрігер Қартбаев Асылхан Сергалиевич.

ТУТЕКОВА  ГАУХАР  КОНАКБАЕВНА                                 « Шапағат » төсбелгі                                     Қ...
29/10/2024

ТУТЕКОВА ГАУХАР КОНАКБАЕВНА
« Шапағат » төсбелгі
ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Тутекова Гаухар Конакбаевна, Түпқараған орталық аудандық ауруханасының, перзентхана бөлімінде 32 жыл еңбек өтіліммен акушер маманы болып қызмет етіп келеді. Марапат иесімен тілдесе отырып « Акушерлердің маңыздылығын асыра бағалау қиын, өйткені босанудың қалай өтетінін көбінесе олардың біліктілігі анықтайды. Осы жұмыстың күрделілігі мен жауапкершілігі, қиындығы көп, бұл мамандыққа таңдауыңыз қалай түсті ? », — деген сауалмен сұхбаттасқан болатынбыз.

- Әрине бұл мамандықты өзімнің қалауыммен, ұнаған соң таңдадым. Ал, енді мамандықтың маңыздылығы жағынан, тек жақсы жақтарын айта аламын. Маған нәзік жандылармен жұмыс жасаған өте қатты ұнайды, сол үшін мен өз жұмысымды шын махаббатпен атқарамын. Оларға осы әлемге жаңа өмір әкелуге көмектесу, осы процестің қатысушысы болу және жаңа өмірдің дүниеге келуіне үлес қосу мен үшін өте маңызды. – дейді, Тутекова Гаухар Конакбаевна.

Әрбір жүктілікті ерекше бақылап, ана мен баланың денсаулығы мен әл-ауқатына көз жеткізу үшін барлық қажеттілігін,баланың дамуын бақылап және болашақ аналар үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етіп жүрген ерен еңбектерін елеп, өз ісінің кәсіби маманы атанып жүрген Тутекова Гаухар Конакбаевнаға табысты еңбек жолын тілейміз.

Республика күні қарсаңында  сәбидің дүниеге келуі жақсылықтың хабаршысы, үлкен қуаныштың басы болсын!Түпқараған орталық ...
25/10/2024

Республика күні қарсаңында сәбидің дүниеге келуі жақсылықтың хабаршысы, үлкен қуаныштың басы болсын!

Түпқараған орталық аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде, мерекеге қарсаңында аудан тұрғыны, жас ана Г.Сельбаева төртінші нәрестесін дүниеге әкелді. Осындай қуанышты күнде, Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында « Саламатты ел » қоғамдық бірлестігі төрайымы Г.Есетова жас анамызды мерекемен құттықтай отырып, кішкентай сәбиге алғашқы сыйлығын ұсынды.

Өз үйінде, отбасымен алғашқы және алдағы мерекелерін, бауы берік, дені сау болып қарсы ала берсін деген ақ тілегімізді ауданымыздың кішкентай тұрғынына тілейміз!

ДОЩАЕВА ГҮЛЖАН РЗАШҚЫЗЫ« Денсаулық сақтау ісінің үздігі » төсбелгі                          ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Дощаева Гүлжан ...
25/10/2024

ДОЩАЕВА ГҮЛЖАН РЗАШҚЫЗЫ
« Денсаулық сақтау ісінің үздігі » төсбелгі
ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Дощаева Гүлжан Рзашқызы, Түпқараған орталық аудандық ауруханасында, 30 жылдық дәрігерлік еңбек өтілімінің тең жартысынан көбін балалар денсаулығына мән беріп, педиатрия саласы бойынша қызмет етіп келеді. Өзінің туған жері Баутино дәрігерлік амбулаториясында 27 жыл қызмет еткен білікті,білімді дәрігер. Еңбегіңіз еленіп, табысты еңбек жолын тілей отырып,өзімен тілдескен болатынбыз.

- Шын айтсам, бұл - мен үшін ерекше марапат. Өйткені, менің 30 жылдық дәрігерлік еңбек өтілім мен менің мерейлі жасыма тұспа тұс кеп, алып жатқан марапатым және өзіме, халық алдында берген есебім, атқарған еңбегімнің жемісі, жеңісі.Бұл марапат жалғыз менікі ғана емес ұжымдық еңбектің жемісі деп ойлаймын – дейді, педиатр дәрігер Дощаева Гүлжан Рзашқызы.

«Үздік атануға барлық медицина қызметкері лайықты, бірақ соның ішінде, мені осы марапатқа лайық деп тауып, ұсынып жатқан басшылыққа алғысым шексіз! » - деген жүрек- жарды,алғыс сөздерімен толқу үстінде отырған дәрігерімізді тағы бір мәрте құттықтап, атқарып жүрген еңбегіне рақметімізді айттық.

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕМІЗ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Қадірлі отандастар!Баршаңызды егемен еліміздің басты әрі ұлттық мерекемі...
25/10/2024

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕМІЗ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қадірлі отандастар!

Баршаңызды егемен еліміздің басты әрі ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасыға бірлік пен береке, қуаныш пен мереке тілеймін!

Республика күні – рухымызды көтеріп, егемен елдің еңсесін тіктейтін сәт. Бұл уақытта өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Өйткені егемендік – ел үшін жанын берген ерлердің ерлігімен келген ұлы күн. Оны бүгінгі ұрпақ ұмытпауға тиіс.

Егемен еліміздің болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз баянды болғай!

25/10/2024

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚТЫ ТАҢДА,ОТБАСЫҢА КӨҢІЛ БӨЛ,СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАН,САЯХАТТА!

Жасөспірім қыздарды иммундау жоспарланып, егу жұмыстары жүріп жатыр. Осы бағытта, ата- аналарға әлі де түсіндірме жұмыст...
10/10/2024

Жасөспірім қыздарды иммундау жоспарланып, егу жұмыстары жүріп жатыр. Осы бағытта, ата- аналарға әлі де түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында, Форт – Шевченко мектеп – лицейінде, орталық аудандық ауруханасының директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Базарбаева Жаннат Қазиқызы, орталық аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Байманов Рустем Досанович, санитариялық-эпидемиологиялық басқару басқармасының бас маманы Д.З.Темурованың қатысуымен семинар жүргізілді.

Папиллома вирусқа қарсы вакцинация басталуына байланысты, түсіндірме жұмыстары әлі жалғасуда. Жасөспірім қыздарды иммунд...
09/10/2024

Папиллома вирусқа қарсы вакцинация басталуына байланысты, түсіндірме жұмыстары әлі жалғасуда.

Жасөспірім қыздарды иммундау жоспарланып, егу жұмыстары жүріп жатыр. Осы бағытта, ата- аналарға әлі де түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында, Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде, орталық аудандық ауруханасының гениколог дәрігері А.Азанқызы, санитариялық-эпидемиологиялық басқару басқармасының бас маманы Д.З.Темурованың қатысуымен семинар жүргізілді.

Address

Fort-Shevchenko
130500

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Түпқараған Аудандық Орталық Аурухана posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share