Научно - производственный центр трансфузиологии

Научно - производственный центр трансфузиологии РГП на ПХВ "Научно- Производственный Центр Трансфузиологии" МЗ РК

09/09/2026

«Неліктен мен көмектесуді таңдаймын?» тақырыбындағы бейнероликтер байқауына Орал қаласынан қатысушы.
_______

Участник конкурса видеороликов на тему «Почему я выбираю помогать» из г. Уральск

«Алтын қолды адам» — бұл туралы естідіңіз бе? 🩸 Ол қанша адамның өмірін сақтап қалды?Әңгіме австралиялық қан плазмасының...
09/09/2026

«Алтын қолды адам» — бұл туралы естідіңіз бе? 🩸 Ол қанша адамның өмірін сақтап қалды?

Әңгіме австралиялық қан плазмасының доноры Джеймс Харрисон туралы. Оның қан плазмасында ана мен бала арасындағы ауыр резус-қақтығыстың алдын алуға және жаңа туған нәрестелерді гемолиздік аурудан қорғауға көмектесетін сирек әрі күшті антиденелер болған.

Ғалымдар оның плазмасының негізінде анти-D иммуноглобулин препаратын жасап шығарды. Соның арқасында 2,4 миллионнан астам нәрестенің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болды.

Харрисон 60 жыл бойы қан мен плазма тапсырып, барлығы 1173 рет донация жасаған. Бір қызығы, ол бала кезінен ине салдырудан қатты қорқатын.

Дәрігерлер Харрисондағы ерекше антиденелер 14 жасында өкпесіне жасалған күрделі операциядан кейін қалыптасуы мүмкін деп есептейді. Сол кезде оған көп мөлшерде донорлық қан құйылған.

Ол 2025 жылғы 17 ақпанда Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы қарттар үйінде 88 жасында ұйықтап жатып қайтыс болды. Өмірлерді құтқарған Джеймс Харрисонға үлкен алғысымызды білдіреміз. Оның ерлігі – адамдарға деген сүйіспеншіліктің шынайы үлгісі.

Оның тарихы бір донорлық қанның қаншалықты маңызды болуы мүмкін екенін көрсетеді. Кейде оның құндылығын бір ғана донациямен өлшеу мүмкін емес.

#донорство #қантапсыру

Емтихан алдында қан тапсыруға бола ма?Студенттер арасындағы «емтихан алдында қан тапсырсаң, ми жұмысы нашарлап, барлық а...
07/09/2026

Емтихан алдында қан тапсыруға бола ма?

Студенттер арасындағы «емтихан алдында қан тапсырсаң, ми жұмысы нашарлап, барлық ақпаратты ұмытасың» деген пікір — миф. Медициналық тұрғыдан донорлық мидың есте сақтау немесе ақпарат өңдеу қабілетіне кері әсер етпейді, өйткені ағзадағы қан көлемі мен гемоглобин қысқа мерзімде қалпына келеді.

Негізгі қауіп — емтихан алдындағы стресс пен ұйқысыздықтың қабаттасуы. Егер дұрыс ұйықтамай және тамақтанбай қан тапсырсаңыз, ағза әлсіреп, бас айналуы мүмкін.

Сессия кезінде қан тапсыру ережелері:

- Уақытын дұрыс таңдаңыз: Емтиханға 1–2 күн қалғанда емес, сессия басталмай тұрып немесе демалыс күндері тапсырыңыз.

- Ағзаны дайындаңыз: Донор болар алдындағы түні жақсылап ұйықтап, суды көбірек ішіңіз, майлы тағамдардан бас тартыңыз.

- Жағдайыңызды ескеріңіз: Егер өзіңізді шаршаңқы сезінсеңіз, донорлықты емтиханнан кейінге қалдырған жөн.

Қорыта айтқанда, емтихан алдында қан тапсыру білімді ұмытылдырмайды, бастысы — денсаулығыңызды бақылап, уақытты дұрыс жоспарлау.

07/09/2026

Қыркүйек айы дәстүр бойынша республика бойынша қан компоненттеріне деген қажеттіліктің күрт өсуін әкеледі.

Қазақстанның қан қызметі елорда мен өңір тұрғындарын донорлық қозғалысты қолдауға шақырады. Қанды өңірлік қан орталықтарында тапсыруға болады. Осындай күндердегі әрбір донация шұғыл көмекке мұқтаж жандар үшін қауіпсіз қорды ұстап тұруға көмектеседі.

_______________________________________

Сентябрь традиционно приносит резкий рост потребности в компонентах крови по всей республике.

Служба крови Казахстана призывает жителей столицы и регионов поддержать донорское движение. Сдать кровь можно в региональных центрах крови. Каждая донация в эти дни помогает удерживать безопасный запас для тех, кто нуждается в экстренной помощи.

#донор #қантапсыру #спасижизнь

05/09/2026

Бірге жүгірген ана мен ұлдың әсерлі тарихы. ❤️

Run for Oncokids қайырымдылық жүгіруінде қатерлі ісікті жеңген ана мен оның ұлымен сұхбаттастық.

Олар өздерінің тарихымен бөлісіп, бүгінгі күннің қуанышын бірге сезінді. ✨

Run for Oncokids — әр қадамында үміт пен қолдау бар ерекше жоба. ❤️

Ана мен ұлдың сұхбатын Reels-тен көріңіз!

05/09/2026

Бүгін ол жүгіріп қана қоймай, өз тарихымен де бөлісті. ❤️
Бүгінгі кейіпкерімізбен болған сұхбаттан шағын үзінді. ✨
Сұхбатты Reels-тен көріңіз!

05/09/2026

Бүгін біздің орталық «Run for OncoKids» қайырымдылық жүгірісіне белсене қатысты! 🏃‍♂️💚

Осы маңызды шара аясында біздің көшпелі тобымыз жұмыс істеп, ерікті адамдар қан тапсырып, өз қан тобын анықтау мүмкіндігіне ие болды.

Балалардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған мұндай қайырымдылық бастамалардың маңызы өте зор. Әрбір тапсырылған қан мен әрбір жасалған қадам — кішкентай пациенттерге үміт пен өмір сыйлайды. ✨

Ұйымдастырушыларға және ізгілік жолында жүгіріп, донор болған әрбір қатысушыға шексіз алғысымызды білдіреміз!
_________________________________________________

Сегодня наш центр принял участие в благотворительном забеге «Run for OncoKids»! 🏃‍♀️💚

В рамках мероприятия на локации работала наша мобильная бригада, где каждый желающий мог сдать кровь и оперативно узнать свою группу крови.

Такие забеги имеют огромную ценность — они объединяют сотни неравнодушных людей ради одной большой цели: помощи и поддержки детей, борющихся с онкологией. Каждая капля крови и каждый шаг на дистанции — это реальный шанс на выздоровление для маленьких пациентов. 🩸✨

Выражаем искреннюю благодарность организаторам забега за прекрасную инициативу, а также каждому, кто сегодня бежал ради добра и сделал свой

04/09/2026

🇰🇿 Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен ұлттық жазудың негізін қалаған ұлы ағартушы, ғалым, ұстаз.

Тіл – ұлттың рухани өзегі, ал оны құрметтеу – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.

«Астана Донор» ұжымы мемлекеттік тілді құрметтеу және оның қолданыс аясын кеңейту – ортақ міндет дем санайды.

🩸 Тіл – бірлікке, донорлық – өмірге бастар жол!

🎓 Жаңа оқу жылын игі істен бастайық!Донорлық — жауапкершілік пен жанашырлықтың белгісі. Егер 18 жастан ассаң және медици...
01/09/2026

🎓 Жаңа оқу жылын игі істен бастайық!

Донорлық — жауапкершілік пен жанашырлықтың белгісі. Егер 18 жастан ассаң және медициналық тексеруден өтсең, сен де біреуге өмір сүруге мүмкіндік сыйлай аласың.

🩸 Игі істің бастаушысы бол!

______________________

🎓 Начнем новый учебный год с доброго дела!

Донорство – это ответственность, осознанность и неравнодушие. Если вам уже исполнилось 18 лет и вы прошли медицинское обследование, вы можете подарить кому-то шанс на жизнь.

🩸 Станьте инициатором добрых дел!

#АстанаДонор #ДонорКрови #ҚазақстанЖастары #ЖаңаОқуЖылы

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығындағы (ТҒӨО) сапа стандарттарының маңызы зор. Себебі бұл талаптардың сақталуы ...
31/08/2026

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығындағы (ТҒӨО) сапа стандарттарының маңызы зор. Себебі бұл талаптардың сақталуы шұғыл және жоғары мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж пациенттердің өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді.

_________________________

Стандарты качества в Научно-производственном центре трансфузиологии (НПЦТ) имеют решающее значение, так как от их соблюдения напрямую зависят жизнь и здоровье пациентов, нуждающихся в неотложной и высокоспециализированной медицинской помощи.

Address

Керей, Жанибек хандар, 10
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 08:00 - 17:00
Tuesday 08:00 - 17:00
Wednesday 08:00 - 17:00
Thursday 08:00 - 17:00
Friday 08:00 - 17:00
Saturday 08:00 - 17:00
Sunday 08:00 - 17:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Научно - производственный центр трансфузиологии posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Научно - производственный центр трансфузиологии:

Shortcuts

Share