Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Nur-Sultan
  • Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы, Medical and health, Астана, Nur-Sultan.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы - бұл мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын қорғау жөніндегі ведомстволық қызмет, онда тіркелген контингентті емдеу және сауықтыру емханалық кезеңнен бастап санаториялық орталыққа дейінгі барлық кезеңдерде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының жүйесіне 8 ведомстволық бағынысты ұйым кіреді:

- "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК.
- "Орталық клиникалық аурухана" АҚ;
- "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" АҚ;
- "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК;
- "Емдеу-сауықтыру кешені" АҚ "Алматы "филиалы;" Оқжетпес "("Алматы Resort" шипажайы);
- "Оқжетпес "емдеу-сауықтыру кешені"АҚ;
- "Астана" ЖШҚ ("Қазақстан" шипажайы, РФ)
- "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының "Қарлығаш" балабақшасы" РМК.

*****

Медицинский центр УДП РК – это ведомственная служба по охране здоровья государственных служащих, где лечение и оздоровление прикрепленного контингента проводится на всех этапах, начиная с поликлинического и заканчивая санаторным.

В систему Медицинского центра УДП РК входят 8 подведомственных организаций:

- РГП «Больница Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан»;
- АО "Центральная клиническая больница";
- РГП «Центр санитарно-эпидемиологической экспертизы Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан»;
- АО «Центр медицинских технологий и информационных систем»;
- Филиал «Алматы» АО «Лечебно- оздоровительный комплекс; «Ок-Жетпес» (Санаторий «Алматы Resort»);
- АО «Лечебно-оздоровительный комплекс «Ок-Жетпес»;
- ООО «Астана» (санаторий «Казахстан», РФ);
- РГП «Детский сад «Қарлығаш» Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан».

Ұлытау облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері басталдыБүгін, 13 тамызда, Ұлытау облысында Қазақстан Республика...
13/08/2026

Ұлытау облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері басталды

Бүгін, 13 тамызда, Ұлытау облысында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері басталды. Іс-шара Жезқазған қаласындағы Облыстық көпсалалы аурухана базасында өтуде. Екі күн бойы Медициналық орталықтың жетекші мамандары тұрғындарды тегін қабылдап, күрделі операциялар жасайды, сондай-ақ өңірдің медицина қызметкерлері үшін шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізеді.

Облыс тұрғындарына ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің мамандары – кәсіптік патолог, хирург-онколог және аритмолог тегін консультация береді. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының мамандары кардиохирургиялық бейіндегі пациенттерді қабылдап, онколог консультациясын өткізеді.

Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы мамандарының қатысуымен күрделі хирургиялық араласулар жүргізу. Атап айтқанда, нейронавигацияны қолдану арқылы омыртқаға операция жасау, тарылған қан тамырларына стент қою, шағын тілік арқылы бүйректегі тастарды алып тастау және нефростома орнату, сондай-ақ тізе буынына аз инвазивті операция жасау жоспарланған.

«Мұндай көшпелі іс-шаралар өңір тұрғындары үшін сапалы мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз үшін өңірлік әріптестермен кәсіби тәжірибе алмасудың маңызы зор. Бірлескен қабылдаулар, операциялар мен шеберлік сабақтары барысында біз практикалық тәжірибемізбен бөлісіп, күрделі клиникалық жағдайларды бірге талқылаймыз. Мұндай формат пациенттерге қажетті көмекті жергілікті жерде көрсетуге ғана емес, өңір мамандарының кәсіби құзыреттерін дамытуға да ықпал етеді», – деп атап өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының нейрохирургі Ардақ Ахмадиев.

Бағдарламада өңірдің медицина қызметкерлеріне арналған жеке блок қарастырылған. Медициналық орталық мамандары операциялар барысында шеберлік сабақтарын өткізіп, практикалық тәжірибелерімен бөліседі, клиникалық жағдайларды таныстырады, сондай-ақ презентациялар мен семинарлар өткізеді.

Негізгі тақырыптардың қатарында сепсис және сепсистік шок, паллиативтік көмекті ұйымдастыру, ядролық медицина мен тераностиканың мүмкіндіктері, кардиохирургия, қан тамырлары патологияларын эндоваскулярлық емдеу, мейіргер ісіндегі менеджмент және спорттық медицинадағы оңалту мәселелері бар.

Медициналық орталық күндері 13-14 тамыз аралығында өтеді. Ұлытау – жыл басынан бері ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өткен Қазақстанның сегізінші өңірі.

***

В области Ұлытау стартовали Дни Медицинского центра УДП РК

Сегодня, 13 августа, в области Ұлытау стартовали Дни Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан, которые проходят на базе Областной многопрофильной больницы г. Жезказган. В течение двух дней ведущие специалисты Медицинского центра проведут бесплатные приемы жителей, сложные операции, а также мастер-классы и семинары для медицинских работников региона.

Бесплатные консультации для жителей области проведут специалисты Национального госпиталя Медицинского центра УДП РК – профпатолог, хирург-онколог и аритмолог. Специалисты Больницы Медицинского центра УДП РК проведут приемы кардиохирургических пациентов и консультации онколога.

Одно из ключевых направлений программы – проведение сложных хирургических вмешательств с участием специалистов Больницы Медицинского центра УДП РК. В частности, запланированы операция на позвоночнике с применением нейронавигации, стентирование суженных сосудов, удаление камней из почки через небольшой прокол и установка нефростомы, а также малоинвазивная операция на коленном суставе.

«Такие выезды позволяют сделать качественную специализированную медицинскую помощь доступнее для жителей регионов. При этом для нас не менее важен профессиональный обмен с региональными коллегами. Во время совместных приемов, операций и мастер-классов мы делимся практическим опытом и вместе разбираем сложные клинические случаи. Такой формат помогает не только оказать необходимую помощь пациентам на месте, но и способствует развитию профессиональных компетенций специалистов региона», – отметил нейрохирург Больницы Медицинского центра УДП РК Ардак Ахмадиев.

Отдельный блок программы предусмотрен для региональных медицинских работников. Специалисты Медицинского центра проведут мастер-классы непосредственно во время операций, поделятся практическим опытом, представят клинические случаи, а также проведут презентации и семинары.

Среди основных тем – сепсис и септический шок, организация паллиативной помощи, возможности ядерной медицины и тераностики, кардиохирургия, эндоваскулярное лечение патологий сосудов, менеджмент в сестринском деле и реабилитация в спортивной медицине.

Дни Медицинского центра пройдут 13-14 августа. Ұлытау стала восьмым регионом Казахстана с начала года, где прошли Дни Медицинского центра УДП РК.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен «Жасыл даму» АҚ экологиялық мониторинг саласында ынтымақтастық орна...
13/08/2026

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен «Жасыл даму» АҚ экологиялық мониторинг саласында ынтымақтастық орнатты

Тұрақты органикалық ластағыштарға экологиялық мониторинг жүргізу, зертханалық зерттеулерді дамыту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру мәселелері ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен «Жасыл даму» АҚ арасындағы ынтымақтастық аясында қарастырылатын болды. Тараптар тиісті меморандумға қол қойды.

Құжатқа Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Гаухар Нүсіпбаева мен «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов қол қойды.

Ынтымақтастық Қазақстанның Стокгольм конвенциясы шеңберіндегі міндеттемелерін орындау аясында тұрақты органикалық ластағыштарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, тараптар бірлескен ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізіп, ғылыми және зертханалық әлеуетті дамытуға, сондай-ақ тұрақты органикалық ластағыштарға экологиялық мониторинг жүргізу үшін зертханалық зерттеулерді жүзеге асыруға ниетті.

Кәсіби ақпарат пен сараптамалық тәжірибе алмасу да ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болмақ. Екі ұйымның мамандары бірлескен консультациялар өткізіп, бағдарламалар әзірлейді және инновациялық жобаларға қатысады. Қажет болған жағдайда нақты міндеттерді шешу үшін жұмыс және сараптамалық топтар құрылады.

Меморандум екі ұйымның ғылыми, сараптамалық және зертханалық мүмкіндіктерін біріктіріп, Қазақстандағы тұрақты органикалық ластағыштарды мониторингтеу мен бақылау жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді.

***

Центр санитарно-эпидемиологической экспертизы и АО «Жасыл даму» будут сотрудничать в сфере экологического мониторинга

Вопросы экологического мониторинга стойких органических загрязнителей, развития лабораторных исследований и реализации совместных научных проектов будут решать в рамках сотрудничества Центр санитарно-эпидемиологической экспертизы Медицинского центра УДП РК и АО «Жасыл даму». Стороны подписали соответствующий Меморандум.

Документ подписали директор Центра санитарно-эпидемиологической экспертизы Гаухар Нусупбаева и заместитель Председателя Правления АО «Жасыл даму» Нуржан Кабдолданов.

Сотрудничество направлено на совершенствование системы управления стойкими органическими загрязнителями в рамках выполнения Казахстаном обязательств по Стокгольмской конвенции.

В частности, стороны намерены проводить совместные научно-технические исследования, развивать лабораторный и научный потенциал, а также проводить лабораторные исследования для экологического мониторинга стойких органических загрязнителей.

Еще одним направлением станет обмен профессиональной информацией и экспертизой. Специалисты двух организаций смогут проводить совместные консультации, разрабатывать программы и участвовать в приоритетных инновационных проектах. При необходимости для решения конкретных задач будут создаваться рабочие и экспертные группы.

Меморандум позволит объединить научные, экспертные и лабораторные возможности двух организаций и усилить работу по мониторингу и контролю стойких органических загрязнителей в Казахстане.

Ессентукидегі «Қазақстан» шипажайының сауықтыру бағдарламасына терренкур енгізілгенЕссентуки қаласындағы «Қазақстан» шип...
12/08/2026

Ессентукидегі «Қазақстан» шипажайының сауықтыру бағдарламасына терренкур енгізілген

Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» шипажайының қонақтары демалыс және емделу бағдарламасы аясында терренкурмен айналыса алады. Шипажай емдік жаяу жүруге арналған бағыттар қарастырылған Курорттық саябаққа жақын орналасқан.

Терренкур – жүру қашықтығы, қозғалыс қарқыны, өрлеу бұрышы мен теңіз деңгейінен биіктігі ескерілетін емдік жаяу жүру әдісі. Мұндай дене белсенділігі жүрек-қан тамырлары жүйесін жаттықтыруға, зат алмасу үдерісін жақсартуға және ағзаның жалпы тонусын қалыпты ұстауға бағытталған.

Ессентукидегі Курорттық саябақта терренкурмен айналысуға арналған ұзақтығы мен жүктеме деңгейі әртүрлі үш негізгі бағыт бар.

Бірінші бағыттың ұзындығы шамамен 1,5 шақырымды құрайды және биіктік айырмашылығы көп емес. Бұл бағытты терренкурмен алғаш рет айналысып жүрген адамдар мен қалпына келу кезеңінде қалыпты дене жүктемесін қажет ететін демалушылар таңдай алады.

Екінші бағыттың ұзындығы шамамен 3,5 шақырым. Мұнда денеге түсетін жүктеме жоғарырақ және тұрақты жаяу жүруге бейімделген адамдарға арналған.

Үшінші бағыттың ұзындығы алты шақырымға дейін жетеді және биіктік айырмашылығы бар учаскелерді қамтиды. Ол физикалық дайындығы жоғары адамдарға арналған.

Бағыттар Курорттық саябақтың аллеялары мен демалыс аймақтары арқылы өтіп, күркелер мен минералды су көздеріне жақын орналасқан. Жаяу жүру кезінде физикалық жүктеме демалуға арналған учаскелермен кезектеседі.

«Қазақстан» шипажайының орналасуы қонақтарға серуенді шипажай аумағынан бастап, Курорттық саябақтағы бағыттармен жалғастыруға мүмкіндік береді. Қысқа әрі тыныш серуендер үшін шипажайдың аумағындағы 7,7 гектарды алып жатқан саябақ та қолданылады. Мұнда қонақтар емдік процедуралар арасында және кешкі уақытта серуендей алады.

Жаяу жүру бағыты, оның ұзақтығы мен қозғалыс қарқыны адамның денсаулық жағдайы, жасы және қажетті физикалық жүктеме деңгейі ескеріле отырып таңдалады. Бұл ретте шипажайдың емдеуші дәрігерлері тиісті бағытты таңдауға көмектеседі. Терренкур шипажайдағы минералды ванна мен массаж секілді басқа да сауықтыру процедураларымен қатар жүргізіледі.

Денсаулыққа апарар жол – «Қазақстан» шипажайында. Толық ақапарт үшін Kazakhstan-kmv.ru-да немесе 8 (800) 707-78-47 телефоны арқылы брондаңыз.

***

Терренкур стал частью оздоровительных программ санатория «Казахстан» в Ессентуках

Гости санатория «Казахстан» в Ессентуках могут включить в программу пребывания занятия терренкуром. Здравница расположена рядом с Курортным парком, где проложены маршруты для дозированной лечебной ходьбы.

Терренкур представляет собой метод лечебной ходьбы, при котором учитываются протяженность маршрута, темп движения, угол подъема и высота над уровнем моря. Такая физическая активность используется для тренировки сердечно-сосудистой системы, улучшения обмена веществ и поддержания общего тонуса организма.

Для занятий терренкуром в Курортном парке Ессентуков предусмотрены три основных маршрута разной протяженности и уровня нагрузки.

Первый маршрут протяженностью около 1,5 километра отличается небольшими перепадами высот. Его могут выбирать начинающие и люди, которым требуется умеренная физическая нагрузка в восстановительный период.

Протяженность второго маршрута составляет около 3,5 километра. Он предполагает более интенсивную нагрузку и подходит для тех, кто уже адаптировался к регулярной ходьбе.

Третий маршрут достигает шести километров и включает участки с перепадами высот. Он рассчитан на людей с более высоким уровнем физической подготовки.

Маршруты проходят по территории Курортного парка через аллеи и зоны отдыха, рядом с беседками и источниками минеральной воды. Участки физической нагрузки на маршрутах чередуются с местами для отдыха.

Расположение санатория «Казахстан» позволяет гостям начинать прогулки непосредственно от здравницы. Для менее продолжительной ходьбы также используется собственная парковая территория санатория площадью 7,7 гектара. Здесь гости могут гулять между процедурами и в вечернее время.

Маршрут, продолжительность и темп ходьбы подбираются с учетом состояния здоровья, возраста и необходимого уровня физической нагрузки. В этом гостям помогают лечащие врачи санатория. Занятия терренкуром могут сочетаться с другими процедурами оздоровительной программы, включая минеральные ванны и массаж.

Приезжайте в санаторий «Казахстан», чтобы пройти свой путь к здоровью. Бронируйте на kazakhstan-kmv.ru или по телефону 8 (800) 707-78-47

Микроинъекциядан хирургияға дейін. Ұлттық госпиталь қазақстандықтардың көз жанарын қалай сақтайды?Ұлттық госпиталь дәріг...
11/08/2026

Микроинъекциядан хирургияға дейін. Ұлттық госпиталь қазақстандықтардың көз жанарын қалай сақтайды?

Ұлттық госпиталь дәрігерлері көз ауруларының көпшілігін дер кезінде анықтаған жағдайда тиімді емдеуге немесе олардың дамуын бақылауда ұстауға болатынын еске салады. Бүгінде госпиталь мамандары заманауи хирургиялық және аз инвазивті технологияларды қолдана отырып, офтальмологиялық аурулардың кең ауқымын диагностикалап, емдейді.

Кең таралған көз ауруларының қатарында жақыннан не алыстан көрмеу, астигматизм, құрғақ көз синдромы, катаракта, глаукома, диабеттік ретинопатия және жасқа байланысты макулалық дегенерация бар. Мамандар компьютер алдында ұзақ отыру және смартфонды жиі пайдалану салдарынан көзге түсетін жүктеменің артуын да өзекті мәселе ретінде атап өтеді.

Ұлттық госпитальда уақтылы емделмеген жағдайда көру қабілетінің айтарлықтай төмендеуіне әкелуі мүмкін ауруларға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, катарактасы бар пациенттерге факоэмульсификация жасалады. Бұл – көздің бұлдырланған табиғи бұршағын алып, орнына жасанды көз бұршағын имплантациялауға мүмкіндік беретін заманауи операция. Ал глаукома кезінде дәрігерлер пациенттің жағдайы мен аурудың сатысына қарай консервативті, лазерлік және хирургиялық емдеу әдістерін қолданады.

Заманауи технологиялар көздің торлы қабығы мен макула патологияларын емдеуде де қолданылады. Госпитальде дәрілік препараттарды тікелей көздің шыны тәрізді денесіне енгізу арқылы интравитреальды инъекциялар жасалады. Мұндай терапия торлы қабықтың бірқатар ауруында қолданылып, көру функцияларын сақтауға бағытталған.

«Көптеген көз аурулары бастапқы кезеңде еш белгісіз өтуі мүмкін, сондықтан адам ұзақ уақыт бойы көзіндегі өзгерістерді байқамай жүреді. Осы себепті офтальмологқа жүйелі түрде қаралып тұрудың маңызы зор. Уақтылы диагностика ауруды ерте кезеңде емдеуге, оның дамуын баяулатуға, ал көптеген жағдайда ауыр асқынулардың алдын алып, көру қабілетін сақтауға мүмкіндік береді», – деді Ұлттық госпитальдың дәрігер-офтальмологы Шахмардан Құттыбай.

Сонымен қатар Ұлттық госпитальдың офтальмологиялық қызметі емдеу мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтіп келеді. Қазіргі уақытта бөлімшеде витреоретинальды хирургия бағыты дамытылуда. Оны енгізу алдағы уақытта көздің торлы қабығы мен шыны тәрізді денесінің аурулары кезінде күрделі хирургиялық операцияларды госпитальде жасауға мүмкіндік береді.

Дәрігерлер көз саулығын сақтау профилактикадан басталатынын атап өтеді. Мамандар жылына кемінде бір рет офтальмологтың профилактикалық тексеруінен өтуді, қандағы қант деңгейі мен артериялық қысымды бақылауды, ұйқы режимін сақтауды және цифрлық құрылғылармен жұмыс істеген кезде көзге демалыс беруді ұсынады. Компьютер алдында ұзақ уақыт жұмыс істегенде «20-20» қағидасын ұстанған жөн: әр 20 минут сайын шамамен 20 секунд бойы алыстағы нысанға көз тоқтату қажет. Сондай-ақ ультракүлгін сәуледен қорғайтын сапалы күннен қорғайтын көзілдірік тағу маңызды.

***

От микроинъекций до хирургии. Как в Национальном госпитале сохраняют зрение казахстанцев

Врачи Национального госпиталя напоминают, что многие заболевания глаз можно успешно лечить или контролировать, если выявить их вовремя. Сегодня специалисты госпиталя проводят диагностику и лечение широкого спектра офтальмологических заболеваний, применяя современные хирургические и малоинвазивные технологии.

В числе наиболее распространенных заболеваний органов зрения – близорукость, дальнозоркость, астигматизм, синдром сухого глаза, катаракта, глаукома, диабетическая ретинопатия и возрастная макулярная дегенерация. Отдельной проблемой специалисты называют возросшую нагрузку на глаза, связанную с длительной работой за компьютером и постоянным использованием смартфонов.

Особое внимание в Национальном госпитале уделяют заболеваниям, которые без своевременного лечения могут привести к существенному ухудшению зрения. Так, пациентам с катарактой проводят факоэмульсификацию – современную операцию по удалению помутневшего хрусталика с последующей имплантацией искусственного. При глаукоме врачи применяют консервативные, лазерные и хирургические методы лечения в зависимости от состояния пациента и стадии заболевания.

Современные технологии используются и при патологиях сетчатки и макулы. В госпитале выполняют интравитреальные инъекции лекарственных препаратов непосредственно в стекловидное тело глаза. Такая терапия применяется при ряде заболеваний сетчатки и направлена на сохранение зрительных функций.

«Многие заболевания глаз на ранних стадиях могут протекать практически бессимптомно, и человек долгое время не замечает изменений. Поэтому регулярный осмотр у офтальмолога имеет большое значение. Своевременная диагностика позволяет начать лечение на ранней стадии, замедлить развитие заболевания, а во многих случаях – предотвратить серьезные осложнения и сохранить зрение», – отметил врач-офтальмолог Национального госпиталя Шахмардан Куттыбай.

Вместе с тем офтальмологическая служба Национального госпиталя продолжает расширять возможности лечения. Сейчас в отделении развивается направление витреоретинальной хирургии. Его внедрение позволит в дальнейшем проводить в госпитале сложные хирургические вмешательства при заболеваниях сетчатки и стекловидного тела глаза.

Врачи подчеркивают, что забота о зрении начинается с профилактики. Специалисты рекомендуют не реже одного раза в год проходить профилактический осмотр у офтальмолога, контролировать уровень сахара в крови и артериальное давление, соблюдать режим сна и давать глазам отдых при работе с цифровыми устройствами. При длительной работе за компьютером полезно придерживаться правила «20–20»: каждые 20 минут примерно на 20 секунд переводить взгляд на удаленный предмет. Также важно использовать солнцезащитные очки с защитой от ультрафиолетового излучения.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ұйымдары арасында шағын футболдан турнир өттіӨткен демалыс күндері Қазақстан Республикасы Пр...
10/08/2026

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ұйымдары арасында шағын футболдан турнир өтті

Өткен демалыс күндері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты ұйымдар арасында шағын футболдан турнир өтті.

Жарысқа барлығы алты команда қатысты. Атап айтқанда, Медициналық орталық ауруханасы, Ұлттық госпиталь, «Қарлығаш» балабақшасы, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, сондай-ақ «Оқжетпес» және Almaty Resort шипажайларының ойыншыларынан құралған құрама команда бақ сынады.

Турнир барысында қатысушылар өздерінің жақсы физикалық дайындығын, ұйымшыл командалық ойынын және жеңіске деген жігерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
I орын – Медициналық орталық ауруханасы
II орын – «Қарлығаш» балабақшасы
III орын – «Оқжетпес» және Almaty Resort шипажайларының құрама командасы.

Сонымен қатар турнир қорытындысында жеке номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды.

«Үздік шабуылшы» номинациясына «Қарлығаш» балабақшасының ойыншысы Мирас Туляков ие болды.

«Үздік қорғаушы» аталымы Ұлттық госпиталь командасының ойыншысы Ерлан Жанабаевқа берілді.

«Ардагер» номинациясында Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының ойыншысы Шерхан Жүнісов марапатталды.

Ал «Үздік қақпашы» атағына Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының ойыншысы Дәулет Омашев лайық деп танылды.

***

Турнир по мини-футболу среди организаций Медицинского центра УДП РК

В минувшие выходные состоялся турнир по мини-футболу среди подведомственных организаций Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан.

В соревнованиях приняли участие шесть команд: Больницы Медицинского центра, Национального госпиталя, детского сада «Қарлығаш», Центра санитарно-эпидемиологической экспертизы, Центра медицинских технологий и информационных систем, а также сборная игроков санаториев «Окжетпес» и Almaty Resort.

Участники продемонстрировали хорошую физическую подготовку, слаженную командную игру и стремление к победе.

По итогам турнира призовые места распределились следующим образом:
I место – Больница Медицинского центра
II место – детский сад «Қарлығаш»
III место – сборная санаториев «Окжетпес» и Almaty Resort

Также по итогам турнира были определены лучшие участники в индивидуальных номинациях.

Лучшим нападающим стал игрок команды детского сада «Қарлығаш» Мирас Туляков.

Номинацию «Лучший защитник» получил Ерлан Жанабаев из команды Национального госпиталя.

В номинации «Ардагер» приз получил игрок Центра медицинских технологий и информационных систем Шерхан Жунусов.

Лучшим вратарем стал Даулет Омашев из Центра санитарно-эпидемиологической экспертизы.

Как совместить отпуск с лечением: опыт санатория Almaty resortУ многих слово «санаторий» до сих пор ассоциируется с боль...
10/08/2026

Как совместить отпуск с лечением: опыт санатория Almaty resort

У многих слово «санаторий» до сих пор ассоциируется с больничными палатами, строгим режимом и размеренным ритмом. А отпуск – с путешествиями, комфортом, пляжем и новыми впечатлениями. Но что, если не придется выбирать? В Almaty Resort отдых и лечение не конкурируют друг с другом – они становятся частью одного гармоничного путешествия. Здесь можно восстановить здоровье, наслаждаясь природой, комфортом и высоким уровнем сервиса.

Основанный в 1967 году, Almaty Resort остается одним из флагманов санаторно-курортной медицины Казахстана, сохраняя лучшие традиции оздоровления и развивая их с помощью современных медицинских технологий. Всего в нескольких минутах от Парка Первого Президента, у подножия Заилийского Алатау, расположился пятизвездочный санаторий Almaty Resort. На высоте 1052 метра над уровнем моря гостей встречают чистый горный воздух, 21 гектар собственного парка, тенистые аллеи, терренкуры и обстановка полного спокойствия. Здесь медицинские процедуры органично вписываются в отдых, позволяя получать удовольствие и одновременно заботиться о своем здоровье.

КАК ПРОХОДИТ ДЕНЬ В ALMATY RESORT?
Утро начинается с прогулки по парковой территории или легкой зарядки среди вековых деревьев. Свежий горный воздух, наполненный ароматами хвойных и лиственных пород, помогает проснуться лучше любого кофе. После вкусного и сбалансированного завтрака наступает время процедур. Каждый курс подбирается индивидуально после консультации врача. Это могут быть минеральные ванны с водой из собственной скважины глубиной 3000 метров, лечебный душ, массаж, грязелечение, физиотерапия, ингаляции, галотерапия, фототерапия Bioptron, магнитотерапия или современные методы реабилитации.

ПОСЛЕ ПРОЦЕДУР НАЧИНАЕТСЯ НАСТОЯЩИЙ ОТПУСК.
Можно провести время у бассейна, посетить сауну, потренироваться в современном спортивно-оздоровительном комплексе, почитать книгу в тени деревьев, посмотреть фильм в кинотеатре или просто наслаждаться тишиной парка. Вечером гостей ждут уютный ресторан, прогулки по освещенным аллеям, культурно-развлекательные мероприятия и обстановка, которая помогает замедлить привычный ритм и восстановить силы.

ЛЕЧЕНИЕ, КОТОРОЕ СТАНОВИТСЯ ЧАСТЬЮ КОМФОРТНОЙ ЖИЗНИ
Современное оборудование мирового уровня, опытные врачи и индивидуальный подход позволяют подобрать программу именно под ваши потребности: восстановление после заболеваний, профилактику, укрепление сердечно-сосудистой системы, лечение заболеваний опорно-двигательного аппарата, органов дыхания или борьбу с последствиями хронического стресса. Не менее важную роль играет сама природа. Чистый горный воздух, прогулки по парку, собственная минеральная вода с природным йодом и спокойный ритм жизни становятся естественной частью оздоровления.

ОТДЫХ, ПОСЛЕ КОТОРОГО ДЕЙСТВИТЕЛЬНО ЧУВСТВУЕШЬ СЕБЯ ЛУЧШЕ
Из Almaty Resort гости увозят не только красивые фотографии и приятные воспоминания. Они возвращаются домой с восстановленными силами, качественным сном, легкостью в теле, снижением уровня стресса и заметным улучшением самочувствия. Именно поэтому многие возвращаются сюда снова и снова.

Емделу мен демалысты қалай үйлестіруге болады: Almaty Resort шипажайының тәжірибесіКөпшілік үшін «шипажай» десе әлі күнг...
10/08/2026

Емделу мен демалысты қалай үйлестіруге болады: Almaty Resort шипажайының тәжірибесі

Көпшілік үшін «шипажай» десе әлі күнге дейін аурухана палатасы, қатаң тәртіп пен баяу өмір ырғағы елестейді. Ал демалыс десе, саяхат, жайлылық пен жаңа әсерлер ойға оралады. Ал егер осы екеуін бір демалыста ұштастыруға мүмкіндік болса ше? Almaty Resort-та демалыс пен емдеу бір-біріне кедергі келтірмейді, керісінше бір-бірін толықтырып, үйлесімді демалысқа айналады. Мұнда табиғат аясында тынығып, жайлы қызметтің игілігін көріп, денсаулығыңызды нығайта аласыз.

1967 жылы негізі қаланған Almaty Resort бүгінгі таңда да Қазақстандағы шипажай-курорттық медицинаның көшбасшыларының бірі саналады. Мұнда сауықтырудың үздік дәстүрлері сақталып қана қоймай, заманауи медициналық технологиялармен ұштасып келеді. Тұңғыш Президент саябағынан небәрі бірнеше минуттық жерде, Іле Алатауының баурайында орналасқан бес жұлдызды Almaty Resort – қонақтарын теңіз деңгейінен 1052 метр биіктіктегі таза тау ауасымен, 21 гектарлық көрікті саябағымен, саялы аллеяларымен, серуен жолдарымен және ерекше тыныш атмосферасымен қарсы алады. Мұнда емдік шаралар демалыстың ажырамас бөлігіне айналып, денсаулықты нығайтумен қатар шынайы тынығуға мүмкіндік береді.

ALMATY RESORT-ТАҒЫ БІР КҮН ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
Таң табиғат аясындағы серуеннен немесе саялы ағаштардың арасында жасалатын жеңіл жаттығудан басталады. Қылқанжапырақты және жапырақты ағаштардың хош иісіне толы таудың саф ауасы кез келген кофеден артық сергітеді. Дәмді әрі теңгерімді таңғы астан кейін дәрігер белгілеген емдік процедуралар басталады. Әрбір сауықтыру бағдарламасы дәрігердің кеңесінен кейін жеке ерекшеліктерге сай таңдалады. Оның құрамына 3000 метр тереңдіктегі жеке ұңғымадан алынатын минералды сумен емдік ванналар, түрлі емдік душтар, массаж, балшықпен емдеу, физиотерапия, ингаляция, галотерапия, Bioptron жарық терапиясы, магнитотерапия және заманауи оңалту әдістері кіруі мүмкін.

НАҒЫЗ ДЕМАЛЫС ЕМДІК ШАРАЛАР АЯҚТАЛҒАН СОҢ БАСТАЛАДЫ
Қонақтар бассейнде уақыт өткізіп, саунаға бара алады, заманауи спорт-сауықтыру кешенінде жаттығып не ағаш саясында кітап оқи алады, кинотеатрда фильм тамашалап немесе жай ғана саябақ тыныштығынан ләззат ала алады. Кешкі уақытта қонақтарды жайлы мейрамхана, жарықтандырылған аллея бойындағы серуен, мәдени ойын-сауық бағдарламалар және күнделікті қарбаластан арылуға мүмкіндік беретін ерекше атмосфера күтеді.

ЖАЙЛЫЛЫҚПЕН ҮЙЛЕСКЕН ЕМ
Әлемдік деңгейдегі заманауи медициналық жабдықтар, тәжірибелі дәрігерлер мен әр адамға жеке көзқарас кез келген қажеттілікке сай сауықтыру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік береді. Бұл – аурудан кейінгі қалпына келу, аурулардың алдын алу, жүрек-қантамыр жүйесін нығайту, тірек-қимыл аппараты мен тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу немесе созылмалы күйзелістің салдарын азайту болуы мүмкін.
Сауықтыруда табиғаттың да орны ерекше. Таудың саф ауасы, саябақтағы серуендер, құрамында табиғи йоды бар жеке минералды су және тыныш өмір ырғағы ағзаның табиғи қалпына келуіне ықпал етеді.

ШЫНАЙЫ СЕРПІЛІС СЫЙЛАЙТЫН ДЕМАЛЫС
Almaty Resort-тан қонақтар тек әдемі суреттер мен жағымды әсерлерді ғана алып қайтпайды. Олар үйіне тың күшпен, сапалы ұйқымен, денедегі жеңілдікпен және жалпы денсаулық жағдайының жақсарғанын сезініп оралады. Сондықтан бұл жерге қайта келетін қонақтардың саны жылдан жылға артып келеді.

8 тамыз – Халықаралық офтальмология күніБарлық сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз. А...
08/08/2026

8 тамыз – Халықаралық офтальмология күні

Барлық сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз. Ал оқырмандарымызға әлемді сау көзбен көру үшін көз жанарына дер кезінде күтім жасау маңызды екенін еске саламыз.

8 августа – Международный день офтальмологии

Поздравляем всех специалистов с профессиональным праздником и желаем успехов в работе. А нашим читателям напоминаем о важности своевременной заботы о зрении, чтобы видеть мир здоровыми глазами.

Мамандар мектептер мен балабақшалардағы санитариялық бақылаудың маңызын атап өттіЖаңа оқу жылы қарсаңында мамандар мекте...
07/08/2026

Мамандар мектептер мен балабақшалардағы санитариялық бақылаудың маңызын атап өтті

Жаңа оқу жылы қарсаңында мамандар мектептерде, балабақшаларда және асханаларда санитариялық бақылауды жүргізудің маңыздылығын еске салды. Мұндай тексерулер азық-түлік пен ауыз судың қауіпсіздігін растауға, сондай-ақ ішек инфекциялары мен астан улану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары білім беру ұйымдарындағы азық-түлік өнімдері мен ауыз суға тұрақты түрде зертханалық зерттеулер жүргізеді.

Сонымен қатар зертхана қызметкерлері ас үй жабдықтарынан, ыдыстардан, турау тақтайларынан және персоналдың қолдарынан шайынды сынамаларын алады.
Зерттеулер санитариялық талаптардың сақталуын бағалауға және аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін қауіпті микроорганизмдерді анықтауға мүмкіндік береді.

2025 жылы мамандар білім беру ұйымдары мен қоғамдық тамақтану нысандарында азық-түлік өнімдеріне, ауыз суға және шайынды сынамаларына 38,8 мыңнан астам зертханалық зерттеу жүргізді.

Барлық зерттеулер аккредиттелген зертханада заманауи әдістерді, сертификатталған жабдықтар мен белгіленген талаптарға сәйкес келетін материалдарды пайдалана отырып жүргізіледі.

«Тұрақты зертханалық бақылау санитариялық талаптардың бұзылуын дер кезінде анықтауға және қажетті профилактикалық шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Әсіресе білім беру ұйымдарында мұндай бақылаудың маңызы зор. Себебі балалардың ағзасы тағамнан болатын инфекциялар мен улануға әлдеқайда сезімтал келеді», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы зертханасының аға дәрігері Рауа Мыңайдарова.

***

Специалисты напомнили о важности санитарных проверок в школах и детских садах

В преддверии нового учебного года специалисты напомнили о необходимости санитарного контроля в школах, детских садах и столовых. Такие проверки помогают убедиться в безопасности продуктов и питьевой воды, а также снизить риск кишечных инфекций и пищевых отравлений.

Специалисты Центра санитарно-эпидемиологической экспертизы Медицинского центра УДП РК регулярно исследуют продукты питания и питьевую воду в образовательных учреждениях. Кроме того, сотрудники лаборатории берут смывы с кухонного оборудования, посуды, разделочных досок, рабочих поверхностей и рук персонала.

Исследования позволяют определить, соблюдаются ли санитарные требования, и выявить опасные микроорганизмы, которые могут стать причиной заболеваний.

В 2025 году специалисты провели на объектах образования и общественного питания более 38,8 тыс. лабораторных исследований продуктов, питьевой воды и смывов.

Проверки проводятся в аккредитованной лаборатории с использованием современных методов, сертифицированного оборудования и материалов, соответствующих установленным требованиям.

«Регулярный лабораторный контроль помогает своевременно выявлять нарушения и принимать необходимые профилактические меры. Особенно важна такая работа в образовательных учреждениях, поскольку дети наиболее уязвимы к пищевым инфекциям и отравлениям», – отметила старший врач лаборатории ЦСЭЭ Рауа Мнайдарова.

Address

Астана
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share