22/10/2024
22 қазан күні “Московский” базарында халық арасында туберкулезді анықтау бойынша акция өтті. 📢
«Umit nury Uralsk» және Облыстық фтизиопульманология орталығымен бірлесіп акция өткізілді.
Базар аумағында жылжымалы флюрография көлігі орнатылды. Әрбір қала тұрғындарына флюрографиялық тексеру тегін өткізілді.
Акция барысында 70 – тен астам қала тұрғындары флюрографиялық тексеруден өтті.
Қоғамдық бірлестіктің өкілдері мен облыстық фтизиопульмонология орталығының психилог маманымен бірге брошюралар таратып, барлығына туберкулездің алдын алу, анықтау және алғашқы белгілері туралы айтылды.