01/09/2026
🎓 1 қыркүйек – Семей медицина университетінде жаңа оқу жылының басталуы!
Бүгін Семей медицина университетінде Білім күніне және жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Студенттерге ізгі тілегі мен ақжолтай лебізін Семей медицина университеті Басқарма төрағасы – Ректор Алтай Дюсупов жеткізді. Өз сөзінде ректор студенттерге жаңа оқу жылында сәттілік, білімге деген ұмтылыс, кәсіби дамуға талпыныс және өз күшіне деген сенім тіледі.
Профессор, жоғары санатты дәрігер-ревматолог, Ақылмандар кеңесінің төрайымы Райфа Иванованың да студенттерге айтқан ақыл-кеңесі мен жылы лебізі ерекше әсер қалдырды. Ол өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, болашақ дәрігерлерге білімге деген қызығушылықты сақтап, таңдаған мамандығына құрметпен қарауға және әрдайым адамгершілік қасиеттерді биік ұстауға тілек білдірді.
✨ Бірінші курс студенттері үшін бұл күн – университетпен, оқытушылармен және болашақ мамандықтарымен танысудың жаңа әрі маңызды кезеңінің бастауы.
Жаңа оқу жылы әр студент үшін жаңа білімнің, жаңалықтар мен жетістіктердің, жарқын оқиғалар мен үлкен мүмкіндіктердің жылы болсын!
Студенттерге оқуда табыс, оқытушыларға шығармашылық шабыт, ал университеттің барша ұжымына жемісті әрі нәтижелі оқу жылын тілейміз!
🎓 1 сентября — начало нового учебного года в Медицинском университете Семей!
Сегодня состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню знаний и началу нового учебного года.
С добрыми пожеланиями и напутствиями обратился Председатель правления – Ректор Алтай Дюсупов, пожелавший студентам успешного учебного года, стремления к знаниям и уверенности в своих силах.
Особенно важными и вдохновляющими стали слова профессора, врача-ревматолога высшей категории, председателя Совета акылманов Райфы Ивановой, которая пожелала будущим врачам сохранять интерес к знаниям, уважение к профессии и человечность.
✨ Для первокурсников этот день стал началом нового важного этапа — знакомства с университетом, преподавателями и будущей профессией.
Желаем студентам успехов в учебе, преподавателям — вдохновения, а всему университетскому сообществу — плодотворного и успешного учебного года!