ТО ДСБ "Облыстық офтальмологиялық ауруханасы" ШЖҚ МКК

  • Home
  • Kazakhstan
  • Shymkent
  • ТО ДСБ "Облыстық офтальмологиялық ауруханасы" ШЖҚ МКК

ТО ДСБ "Облыстық офтальмологиялық ауруханасы" ШЖҚ МКК ТО ДСБ "Облыстық офтальмологиялық ауруханасы"

Түркістан облысы бойынша офтальмологиялық қызметтің ұйымдастыру-әдістемелік және тәжірибелік көмегін көрсету мақсатында,...
27/08/2026

Түркістан облысы бойынша офтальмологиялық қызметтің ұйымдастыру-әдістемелік және тәжірибелік көмегін көрсету мақсатында, аурухана тарапынан бекітілген кесте бойынша аудан кураторлары іс-сапарға жіберілуде.

26.08.2026 жылы аурухананың кеңес беру-диагностикалық емханасының дәрігер-офтальмологы Б.А.Адырбекова Арыс қалалық емханасына іс-сапармен барып келді. Іс-сапар барысында ауданның офтальмологиялық қызметімен танысып, оның ұйымдастырылу деңгейіне талдау жүргізіп, анықталған мәселелер бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілді. Оның ішінде, глаукоманың ерте анықтау скринингінеде тексеру жүргізілді. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, іс-сапар аясында науқастарға тексеру жүргізіліп, консультациялық көмек көрсетілді және әрі қарай емдеу тактикасы бойынша ұсынымдар берілді.

25/08/2026

Қызыл код жарияланған сәттен бастап медицина қызметкерлері бір команда болып, науқастың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау үшін жедел әрі үйлесімді әрекет етеді.
Әр секунд маңызды!
Бір команда - бір мақсат!
Науқастың өмірі - басты құндылық!

20/08/2026

Облыстық офтальмологиялық ауруханасының номері 3 микрохирургия бөлімінің бір күні

17/08/2026

Науқастардың жылы лебіздері!

🏥 Бүгін біздің ауруханада маңызды семинар өтті!2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, бас мейіргеріміз орта буын медицинал...
14/08/2026

🏥 Бүгін біздің ауруханада маңызды семинар өтті!2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, бас мейіргеріміз орта буын медициналық қызметкерлеріне арналған кезекті оқу сабағын өткізді. Фотосуреттерде семинардың ең жауапты сәттері бейнеленген. 👇Семинарда қаралған басты тақырыптар:Этика және деонтология: Мейірбике тәжірибесіндегі арақатынас мәдениеті.Дезинфекция мен стерильдеу: Медициналық бұйымдарды өңдеудің нақты алгоритмі.Асептика ережесі: Стерильді үстелді дұрыс дайындау және қолдану.Эко-қауіпсіздік: Медициналық қалдықтарды жинау мен кәдеге жарату схемасы.Шұғыл іс-әрекет: Биологиялық бөлінділер жеке қорғаныш құралдарына түскендегі қауіпсіздік шаралары.Алтын стандарт: Қол жуу мен гигиенаның маңызды ережелері.Біздің мейіргерлер өз білімдерін үнемі жетілдіріп, пациенттерге қауіпсіз әрі сапалы көмек көрсетуге әрқашан дайын! 💪✨

04/08/2026

Уважаемые пользователи социальных сетей!
Сообщаем, что в соответствии с графиком проведения внутреннего анализа коррупционных рисков в организациях квазигосударственного сектора Туркестанской области (далее – Внутренний анализ), утвержденным в рамках реализации проектов четвертого базового направления (ВБН-4, ТБН-4) «Предупреждение и противодействие коррупции» и.о. руководителя аппарата акима Туркестанской области Ә.Бектұрғановым, с 17 августа текущего года в Государственном коммунальном предприятии на праве хозяйственного ведения «Областная офтальмологическая больница» Управления здравоохранения Туркестанской области начнется работа по внутреннему анализу!
Работы по внутреннему анализу проводятся в период с 17 августа по 28 сентября.
Если у вас имеются какие-либо конкретные сведения, жалобы, предложения или мнения, касающиеся деятельности данной больницы, просим направить их по указанным ниже адресам.
Доводим до вашего сведения, что по всем вопросам и конкретным фактам правонарушений можете обращаться по удобным Вам средствам связи.
Телефон: 87715699006
Эл. почта: [email protected]

04/08/2026

№ 3 микрохирургиялық бөлімше облыстық офтальмологиялық ауруханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімше қызметкерлері Түркістан облысы және Шымкент қаласының тұрғындарына жоспарлы түрде МӘМС аясында және ақылы қызмет бойынша офтальмологиялық қызмет көрсетеді.
Бөлімше келесі заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған:
- «Topcon 800 Offise» операциялық микростоп;
- «Infiniti» офтальмологиялық хирургиялық жүйе
Бөлімшеде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында және ақылы қызмет бойынша келесі медициналық қызметтер көрсетіледі:
1. Катарактаны көз ішілік линзаны имплантациялаумен факоэмульсификациясы;
2. Сублюксацияланған көз бұршағын көз ішілік линзаны трансклералды бекітумен факоэмульсификациясы
3. Глаукомаға қарсы операциялар: синустрабекулоэктомия, имплантты дренаж қолданумен трабекулоэктомия;
4. Жоғарғы және төменгі қабақ пластикасы
5. Дакриоцистористомия;
6. Көздің қосалқы аппаратына реконструктивті операциялар;
7. Птеригиумды алу және қайта өсуі кезінде аутотрасплантат қолданумен операциялары;
8. Көздің қылилығын қалпына келтіру операциялары.

04/08/2026

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!

Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының м.а. Ә.Бектұрғановтың «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші базалық бағытының (ҮББ-4, ТБН-4) жобаларын орындау шеңберінде Түркістан облысының квазимемлекеттіксектор ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық офтальмологиялық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында ағымдағы жылдың 17 тамыз айынан бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары 17 тамыз – 28 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде аталған аурухана қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.

Байланыс: 87715699006
Эл.почта: [email protected]

Дөңгелек үстел: Денсаулық сақтау саласындағы ашықтық пен комплаенс-бақылауАуруханамызда “Рейтинг” республикалық ақпаратт...
30/07/2026

Дөңгелек үстел: Денсаулық сақтау саласындағы ашықтық пен комплаенс-бақылау
Ауруханамызда “Рейтинг” республикалық ақпараттық-сараптамалық газеті бас редакторының орынбасары Асылбек Құнанбайұлы ДОСАЛЫ мырзаның қатысуымен «Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-бақылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің басты мақсаты — мекемедегі қаржының жұмсалуы мен дәрі-дәрмек сатып алу процесінің ашықтығын қоғаммен бірлесе талқылау.
🔹 Заңдылық пен ашықтық: Дәрі-дәрмек сатып алу өнім берушілер арасында ашық алаңда, med.ecc порталы арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрінің №110 бұйрығына сай қатаң жүзеге асырылады.
🔹 Цифрлық бақылау: Damumed (КМИС) жүйесі адам факторын азайтып, әрбір дәрінің нақты пациентке жетуін қамтамасыз етеді. Жалған есептен шығаруға жол берілмейді.
🔹 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс: Мекемеде ішкі тәуекелдерді талдау және мүдделер қақтығысын болдырмау жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
Біз ашық диалог пен қоғамдық бақылауды қолдаймыз! Әрбір азамат заңсыздық көрген жағдайда аурухананың комплаенс-офицеріне (87715699006) тікелей хабарласа алады.

Address

Улица Курманбеков 2/6
Shymkent
160002

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ТО ДСБ "Облыстық офтальмологиялық ауруханасы" ШЖҚ МКК posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share