29/08/2026
♻️ ОРДАБАСЫНЫҢ 51 ТОННА ӨНІМІ АЛМАТЫ ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ ҰСЫНЫЛУДА
♻️Ағымдағы жылдың 29–30 тамыз күндері Алматы қаласында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтуде.
♻️Жәрмеңкеге облыстың аудан-қалаларынан жалпы көлемі 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Алматы тұрғындарына ет және сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдары және басқа да жергілікті өнімдер ұсынылуда.
♻️Аталған жәрмеңкеге Ордабасы ауданынан 51 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізіліп, аудан шаруалары өз өнімдерін Алматы қаласының тұтынушыларына тікелей ұсынуда. Оның ішінде ет, жеміс-жидек пен көкөніс және сүт өнімдері бар.
♻️Жәрмеңкенің басты ерекшелігі – өнімдердің нарықтағы орташа бағадан 15–20 пайызға төмен бағамен сатылуы. Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне өнімдерін тікелей тұтынушыға өткізуге мүмкіндік берсе, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді отандық өнімдерді сатып алуға жол ашады.
♻️Жәрмеңке – жергілікті шаруалардың өткізу нарығын кеңейтіп, өңіраралық сауда байланыстарын нығайтуға бағытталған тиімді алаң. Сонымен қатар, «Егістіктен – сөреге дейін» қағидатын жүзеге асыру арқылы делдалдық тізбекті қысқартып, Түркістан өңірінде өндірілген сапалы өнімді тұтынушыға тікелей жеткізуге мүмкіндік береді.
♻️Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға, олардың өнімдерін жаңа нарықтарға шығаруға және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі