Ainur Sakenovna

  • Home
  • Ainur Sakenovna

Ainur Sakenovna Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Ainur Sakenovna, Medical and health, .

28/05/2026
27/05/2026

Бұл роликте біз кейде неге тіпті сапалы эмбрионның өзі алғашқы әрекетте бекінбеуі мүмкін екенін жеткізуге тырыстық 🤍

Видеоны соңына дейін көріңіз. Бәлкім, дәл қазір осы сөздерді есту сізге өте маңызды шығар…🥹

#репродуктолог #экомед #бесплодие #экопоквотевшымкенте #репродуктологшымкент

Репродуктивті денсаулық — тек жасыңызға байланысты емес.Әйелдің бала көтеру мүмкіндігіне тек паспорттағы жас емес, көпте...
25/05/2026

Репродуктивті денсаулық — тек жасыңызға байланысты емес.

Әйелдің бала көтеру мүмкіндігіне тек паспорттағы жас емес, көптеген фактор әсер етеді: аналық без қоры, жұмыртқа жасушаларының сапасы, гормоналды тепе-теңдік, өмір салты, генетика және бұрынғы денсаулық жағдайы.

Бір жастағы екі әйелдің репродуктивті мүмкіндігі мүлде әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан тек «әлі жаспын» деп ойлау әрдайым дұрыс бола бермейді.

Қазіргі медициналық тексерулер ағзаның нақты жағдайын бағалап, болашаққа саналы жоспар құруға көмектеседі. Бұл тек жүктілікті жоспарлап жүргендер үшін ғана емес, өз денсаулығын алдын ала бақылауда ұстағысы келетін әр әйел үшін маңызды.

Өз ағзаңызды түсіну — қорқыныш емес, керісінше өзіңізге деген қамқорлықтың белгісі 🤍

Ал сіз жұмыртқа жасушаларын сақтау туралы ойланып көрдіңіз бе? Немесе бұл тақырып сіз үшін маңызды ма? Пікірге бөлісіңіз 💬

#гинекологшымкент #репродуктологшымкент #экомедшымкент #бесплодие #яйцеклетка

Жүктілік ұзақ уақыт бойы жоспарланғанымен нәтиже болмай жатса, себепті тек әйел ағзасынан іздеу әрдайым дұрыс бола берме...
18/05/2026

Жүктілік ұзақ уақыт бойы жоспарланғанымен нәтиже болмай жатса, себепті тек әйел ағзасынан іздеу әрдайым дұрыс бола бермейді.

Репродуктивті денсаулық — бұл екі серіктеске ортақ мәселе. Кей жағдайларда ер факторымен байланысты өзгерістер жүктіліктің табиғи жолмен басталуына әсер етуі мүмкін.

Қазіргі медицинада көптеген жағдайларда нақты себепті анықтап, әрі қарай тиімді тактика таңдауға мүмкіндік бар. Ең бастысы — уақытты жоғалтпай, толық әрі дұрыс тексеруден өту.

Кейбір диагноздар алғашқы естігенде қорқынышты көрінуі мүмкін. Бірақ дұрыс маманның бақылауымен көптеген жағдайларда шешім жолдары бар 💙

Сұрақтарыңыз болса, пікірде қалдырыңыз 👇

#азоспермия #бесплодие #бесплодиешымкент #гинекологшымкент #репродуктологшымкент

15/05/2026

«Аңсаған сәби» бағдарламасы көптеген отбасыларға үміт сыйлап келеді ✨
Осы жұптың алғашқы нәтижесі — 7 жақсы сападағы эмбрион 🥹

Енді олар ең маңызды қадамға — эмбрион көшіруге дайындалуда 🤍

Сіздің де арманыңызға апарар жол осы жерден басталуы мүмкін.
📩 Қабылдауға жазылыңыз.
#репродуктолог #экомед #эко #бесплодие #экопоквотевшымкенте

Кейде репродуктивті денсаулық туралы ойлану үшін міндетті түрде проблема пайда болуын күтудің қажеті жоқ 🌿Көп әйелдер АМ...
14/05/2026

Кейде репродуктивті денсаулық туралы ойлану үшін міндетті түрде проблема пайда болуын күтудің қажеті жоқ 🌿

Көп әйелдер АМГ, овариалдық резерв немесе жұмыртқа жасушаларын сақтау туралы тек кейін естиді.
Ал кей жағдайда уақытында алынған ақпарат болашақтағы мүмкіндіктерді сақтауға көмектеседі 🤍

Бұл жазбалар арқылы біз:
— криоконсервация деген не екенін,
— қандай жағдайда ол ұсынылатынын,
— АМГ төмен болса не істеу керектігін
қарапайым тілмен түсіндіргіміз келді.

Ең бастысы — өзіңізді қорқытпау және жалғыз бір қорытындымен шектелмеу 🌿
Әр әйелдің жағдайы жеке қарастырылады.

Сақтап қойыңыз және бұл ақпарат пайдалы болуы мүмкін жандармен бөлісіңіз 🤍

12/05/2026

Кейде өмір біз ойлағаннан да әдемі сыйлық дайындайды 🤍

Бұл отбасы екінші сәбиін жоспарлап келген еді…
Ал нәтижесінде жүректеріне бірден екі бақыт қонды 🥹✨

Стимуляция бағдарламасынан кейін олар егіз сәбилерін күтіп жүр 🌿
Осындай сәттерде дәрігер үшін де, ата-ана үшін де эмоцияны сөзбен жеткізу қиын…

Ешқашан үмітіңізді үзбеңіз 🤍
Кейде шешімі жоқ сияқты көрінген жағдайдың да өз жолы табылады.

Егер сіз де сәби күтіп жүрсеңіз немесе ұзақ уақыт бойы жүктілікке қол жеткізе алмай жүрсеңіз — жалғыз емессіз.
Әр жағдай жеке қарастырылады, және әрдайым мүмкіндік бар 🌿

Қолдау мен дұрыс бағыт алу үшін маманға жүгінуден қорықпаңыз ✨
#репродуктолог #экомед #бесплодие #репродуктологшымкент #эковказахстане

09/05/2026

Армандай білейік….

09/05/2026

📌 УДЗ қорытындысында жазылатын кейбір өзгерістер — әрдайым ауру немесе қауіпті диагноз емес.

Көп жағдайда олар — ағзаның физиологиялық ерекшелігі немесе уақытша өзгерістер болуы мүмкін.


1️⃣ Цервицит
УДЗ арқылы қойылатын диагноз емес. Бұл — клиникалық және зертханалық диагноз.
«УДЗ-де цервицит» деп жазу кейде артық емге әкелуі мүмкін.


2️⃣ Аналық бездің функционалды кисталары
(фолликулярлы, лютеинді)

Көп жағдайда өздігінен қайтады және арнайы емдеуді қажет етпейді.


3️⃣ Жатыр мойнындағы кисталар (ретенциялық кисталар)

Көп әйелде кездесетін қалыпты өзгеріс.


4️⃣ Жатыр артындағы аз мөлшердегі сұйықтық

Әрдайым қабынуды білдірмейді. Көбіне бұл — овуляция белгісі.


5️⃣ Белгісіз өтетін жатыр миомалары

Егер шағым болмаса, кей жағдайда тек бақылау жеткілікті болуы мүмкін.


6️⃣ Миометрийдегі кальцинаттар

Әрдайым емдеуді қажет етпейді. Мысалы, босанғаннан кейін кездесуі мүмкін.


7️⃣ Аналық бездердің асимметриясы

Адам ағзасында бәрі толық симметриялы бола бермейді.


8️⃣ Мультифолликулярлы аналық бездер

Егер шағым болмаса — бұл әрдайым патология емес.

📌 Біз анализді емес, науқасты емдейміз.


9️⃣ Біркелкі емес миометрий немесе диффузды өзгерістер
Кл�

Address


Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ainur Sakenovna posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

  • Want your business to be the top-listed Health & Beauty Business?

Share