merke_crb

merke_crb Медицина/Здравохранение

БАС ДӘРІГЕРДІҢ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫМеркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігерінің ұ...
08/08/2026

БАС ДӘРІГЕРДІҢ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ

Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыстары бойынша орынбасары Аманжолов Алмас Алматұлы азаматтарды жеке сұрақтарымен апта сайын қабылдайды.

📅 Қабылдау күні: әр аптаның жұма күні
🕒 Қабылдау уақыты: 15:00–17:00
📍 Мекенжайы: Меркі ауылы, Қ. Сарымолдаев көшесі, 148
☎️ Алдын ала жазылу телефоны: 4-52-73

Жеке қабылдау барысында азаматтардың өтініштері, ұсыныстары және денсаулық сақтау қызметіне қатысты мәселелері қарастырылады.

Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау апта сайын тұрақты түрде алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі✅

31/07/2026

Профилактикалық тексеруден өту - өз денсаулығыңызға жасалатын сәтті инвестиция!

Дәрігерге дейінгі кабинет – сапалы медициналық көмектің алғашқы кезеңі. Мұнда пациенттің жалпы жағдайына бастапқы бағалау жүргізіліп, артериялық қан қысымы, бойы, салмағы және басқа да негізгі көрсеткіштері анықталады. Осы мәліметтер негізінде пациент қажетті маманға бағытталады.

Сонымен қатар, емханада алғашқы өтуге міндетті кабинет - ерлер және әйелдерге арналған қарау (смотровой) кабинеттері жұмыс істейді. Бұл кабинеттерде профилактикалық тексерулер жүргізіліп, көзге көрінетін аурулар мен патологиялық өзгерістерді ерте кезеңде анықтауға ерекше назар аударылады. Қарау барысында визуалды тексеру және пальпация әдістері арқылы күмәнді өзгерістер анықталып, қажет болған жағдайда пациент «Жасыл дәліз» қағидаты бойынша бейінді мамандарға кезектен тыс жолданады.

Ерте диагностика – тиімді емнің және денсаулықты сақтаудың басты кепілі. Сондықтан әрбір азаматты профилактикалық тексеруден уақытылы өтуге шақырамыз.✅

30/07/2026
28/07/2026

🏥 МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ — БАРЛЫҒЫ БІР ЖЕРДЕ!

Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында барлық қажетті мамандардан өтіп, денсаулығыңызды тексеруге және медициналық анықтамалар алуға мүмкіндік бар.

📌 №075/у медициналық анықтамасы
🎓 Оқу орнына түсушілерге
♿ Мүгедектігі бар азаматтарға — 50% жеңілдік

📌 №073/у медициналық анықтамасы
🚗 Көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін
👴 65 жастан асқан азаматтарға және ♿ мүгедектігі бар тұлғаларға — 50% жеңілдік

❗ Жеңілдікті алу үшін тиісті құжаттарды ұсыну қажет:
📄 мүгедектігін растайтын анықтама
🪪 жеке куәлік

👨‍⚕️ Білікті мамандар
🔬 Диагностикалық қызметтер
🏥 Қажетті медициналық тексерулер — бір жерде!

Денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз. Бүгін тексеріліңіз!

📍 Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасы

24/07/2026

📢 «Денсаулық аралы» акциясына 300-ден аса тұрғын қатысты

Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы мен №5 қалалық емхананың ұйымдастыруымен «Денсаулық аралы» акциясы өтті.

Акция барысында тұрғындарға жалпы тәжірибелік дәрігер мен психологтың кеңестері ұсынылып, қан қысымы мен қандағы қант деңгейі өлшенді. Сондай-ақ алғашқы медициналық тексерулер жүргізіліп, денсаулық жағдайына қатысты ұсыныстар берілді және салауатты өмір салтын ұстану бойынша кеңестер айтылды.

Сонымен қатар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары МӘМС жүйесіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараға 300-ден аса тұрғын қатысып, білікті мамандардан кеңес алып, денсаулық көрсеткіштерін тексеруге мүмкіндік алды.

Осындай игі шараға қатысқан барша тұрғындарға алғысымызды білдіреміз. Денсаулығыңызға бейжай қарамай, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп тұруға шақырамыз!

💚 Денсаулық – басты байлық!

#МӘМСЖАМБЫЛ #ФСМСЖАМБЫЛ

В Таразе более 300 жителей приняли участие в акции «Остров здоровья»В Таразе состоялась акция «Остров здоровья», направл...
24/07/2026

В Таразе более 300 жителей приняли участие в акции «Остров здоровья»

В Таразе состоялась акция «Остров здоровья», направленная на укрепление здоровья населения и популяризацию профилактических медицинских осмотров.

Мероприятие было организовано при поддержке акимата города Тараза филиалом НАО «Фонд социального медицинского страхования» по Жамбылской области совместно с городской поликлиникой № 5.

В рамках акции жители города получили бесплатные консультации врача общей практики и психолога. Кроме того, всем желающим были измерены артериальное давление и уровень сахара в крови, проведены первичные медицинские обследования. По итогам осмотров специалисты дали рекомендации по состоянию здоровья и советы по ведению здорового образа жизни.

Также специалисты Фонда социального медицинского страхования провели разъяснительную работу по вопросам системы обязательного социального медицинского страхования (ОСМС), ответив на вопросы жителей.

В акции приняли участие более 300 человек. Участники получили возможность проконсультироваться с квалифицированными специалистами и проверить основные показатели своего здоровья. Подобные мероприятия способствуют профилактике заболеваний, формированию культуры заботы о здоровье и повышению значимости регулярных профилактических осмотров.

Организаторы поблагодарили всех жителей, принявших участие в акции, и призвали граждан внимательно относиться к своему здоровью, своевременно проходить профилактические медицинские осмотры.

Источник: Жамбыл-Тараз қалалық қоғамдық-саяси газеті

#МӘМСЖАМБЫЛ #ОСМСЖАМБЫЛ

Права пациентов: как работает Служба поддержки пациентов Каждый гражданин имеет право на качественную и безопасную медиц...
20/07/2026

Права пациентов: как работает Служба поддержки пациентов

Каждый гражданин имеет право на качественную и безопасную медицинскую помощь. Это право закреплено в Кодексе Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения».

Однако на практике возникают вопросы по качеству медицинской помощи, порядку обслуживания или взаимодействию с медицинским персоналом.
В таких случаях для защиты прав пациентов работают Службы поддержки пациентов в медицинских организациях. Эта служба находится под контролем Жамбылского областного филиала Фонда социального медицинского страхования. Как отмечает директор филиала Гайни Аймаганбетова, служба направлена на защиту прав пациентов и контроль качества предоставляемой медицинской помощи.

✅К службе можно обращаться в следующих случаях:
Если качество медицинской помощи не устраивает;
При грубом или некорректном поведении медицинских работников;
По другим вопросам, связанным с качеством или порядком оказания медицинской помощи.

✅Основные задачи Службы поддержки пациентов:
Быстрое рассмотрение обращений и жалоб;
Решение проблем по принципу «Здесь и сейчас»;
Обеспечение своевременных действий руководителей структурных подразд

Пациент құқығы: Пациенттерді қолдау қызметі қалай жұмыс істейді?Әрбір азамат сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алуғ...
20/07/2026

Пациент құқығы: Пациенттерді қолдау қызметі қалай жұмыс істейді?

Әрбір азамат сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алуға құқылы. Бұл құқық Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде бекітілген. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, медициналық қызмет сапасына, қызмет көрсету тәртібіне немесе медициналық персоналмен қарым-қатынасқа қатысты сұрақтар туындап жатады.

Мұндай жағдайда пациенттердің құқығын қорғау үшін медициналық ұйымдарда Пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді. Бұл қызмет әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облыстық филиалының бақылауында. Филиал директоры Ғайни Аймағанбетова атап өткендей, қызмет пациенттердің құқықтарын қорғауға және медициналық көмектің сапасын бақылауға бағытталған.

✅Қызметке келесі жағдайларда жүгінуге болады:

Медициналық көмектің сапасына қанағаттанбаған жағдайда;
Медицина қызметкерлерінің дөрекі немесе әдепсіз қарым-қатынасына тап болғанда;
Медициналық көмектің сапасы немесе көрсетілу тәртібіне қатысты өзге мәселелер туындағанда.

✅Пациенттерді қолдау қызметінің негізгі міндеттері:

Өтініштер мен шағымдарды жедел қарау;
Мәселелерді «Осы жерде және қазір» қағ�

📊 Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландыруды басқару қалай өзгеруде?2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі көр...
20/07/2026

📊 Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландыруды басқару қалай өзгеруде?

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі көрсеткіштер мен нәтижелер және МӘМС 2.0 трансформациясының алдағы жоспарлары инфографикада.⏭️

#МӘМСЖАМБЫЛ #ӘМСҚЖАМБЫЛ

Address

Taraz
080500

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 09:00 - 13:00

Telephone

+77263245273

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when merke_crb posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to merke_crb:

Shortcuts

Share